Қазақстанда тоқтатылған әуе рейстері бойынша тұтынушыларға 55,2 млн теңге қайтарылды

ҚР Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің тоқтатылған әуерейстер үшін тұтынушыларға ақшалай қаражатты қайтару бойынша жұмысы жалғасуда, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Қазақстанда тоқтатылған әуе рейстері бойынша тұтынушыларға 55,2 млн теңге қайтарылды
сурет belnovosti.by

Ведомствоға барлығы 409 тұтынушы өтініш білдірді, жалпы сомасы 55,2 млн теңгеге 847 билет сатып алынған. 847 әуебилеттің 280-і халықаралық рейстерге сатып алынған, қалған билеттер ішкі рейстерге.

Ең танымал халықаралық бағыттар: Франкфурт, Лондон, Дели, Дубай, Анталья, Прага, Ыстамбұл, Тегеран, Токио, Сеул, Бангкок, Лас-Вегас, Краснодар, Москва, Сочи, Санкт-Петербург, Новосибирск, Батуми, Тбилиси, Астрахань, Киев, Екатеринбург, Душанбе, Бішкек болып табылады.

Бүгінгі күні ТҚҚК-не өтініш білдіргендердің тоқтатылған әуерейстері үшін жартысынан көбіне өз қаражаттары қайтарылды. Осы бағытта байланысты жұмыстар жалғасуда, ТҚҚК-ке жүгінген әрбір құқығы бұзылған тұтынушыға жәрдем көрсетеді.