Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,36 теңгеге арзандады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 514,94 теңге. Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта
Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 518 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 516 теңге. Еуро 579 — 588 теңге аралығында құбылып тұр. Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 521 теңге, сатып алу құны — 514 теңге. Еуро 582 теңгеден сатып алынып, 592 теңгеден сатылып жатыр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,03 — 6,17 аралығында саудаланып жатыр. Ұлттық банктің 11 сәуірге ұсынған ресми бағамы — бір долларға 515,18 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,06 теңге. Еуро — 570, 66.