Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Қазақстанның мемлекеттік қарызын өтеуге бюджеттен 900 миллиард теңге бөлінді

"Қазір мемлекеттік қарыз деңгейі ЖІӨ-нің шамамен 30 пайызына тең", - дейді Ұлттық экономика министрі.

Қазақстанның мемлекеттік қарызын өтеуге бюджеттен 900 миллиард теңге бөлінді
фото: egemen.kz

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мемлекеттік қарыз жөнінде мәлімдеме жасады, деп хабарлады paryz.kz, Bugin.kz-ке сілтеме жасап.

"Мемлекеттік қарызға байланысты мәселе біздің ерекше бақылауымызда. Қазір мемлекеттік қарыз деңгейі ЖІӨ-нің шамамен 30 пайызына тең. Еуроодақ елдерімен салыстыратын болсақ, оларда қарыз деңгейі шамамен 80 пайыз, ал ЭЫДҰ елдерінде орташа алғанда шамамен 100 пайыз", - деді министр.

Әсет Ерғалиевтің айтуынша, рейтинг агенттіктерінің үлкен үштігі еліміздің фискалдық-бюджеттік саясатының тұрақтылығын бағалап, мемлекеттік қарыз деңгейі төмен екенін атап өткен. Сондай-ақ ол мемлекеттік қарызды өтеуге 900 миллиард теңге бөлінгенін де айтып өтті.