Прямая трансляция

Астана

Астана

0°C

Доллар бағасы түсті

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша бір доллардың орташа бағасы 503,13 теңгені құрады. Осылайша 1,12 теңгеге арзандады, деп хабарлайды paryz.kz.

Доллар бағасы түсті
Фото: istockphoto.com

Ұлттық банктің бүгінгі күнге бекіткен ресми бағамы 504,44 теңге.

kurs.kz сайтының мәліметінше қазір Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде бір доллар 503,19 теңгеден, Астанадағы ақша айырбастау пунктерінде 504,49 теңгеден сатылып жатыр. Еске салайық, кеше доллар 0,87 теңгеге көтерілген болатын.