Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Жезқазғандағы балабақша алкоголь қосылған 100 келі кәмпит сатып алмақ

Бүгінде барлық конкурстық процедуралар тоқтатылды. Ал бөбекжай-балабақша меңгерушісіне тәртіптік жаза қолданылатын болды.

Жезқазғандағы балабақша алкоголь қосылған 100 келі кәмпит сатып алмақ
фото: дереккөз

Жезқазғандағы балабақша 100 келі алкоголь қосылған шоколад сатып алуға тендер жариялады. Алайда мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған ақпарат жұрттың ашуына тиді, деп хабарлады paryz.kz, 31 арнаға сілтеме жасап.

Қазір Қарағанды облысының білім басқармасы бұл ретте техникалық қателік болғанын алға тартып отыр. Олардың айтуынша, 2 наурызда "Оқушылар мен студенттерді тамақпен қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу туралы" порталда "Балдырған" бөбекжай-балабақшасының қызметкерлері өнім кодын дұрыс таңдамаған.

Бүгінде барлық конкурстық процедуралар тоқтатылды. Ал бөбекжай-балабақша меңгерушісіне тәртіптік жаза қолданылатын болды.

"Мемлекеттік сатып алушылар өнім таңдағанда техникалық жағынан қателескен. Біз шоколадты қарап, оны кері қайтардық. Өнім коды дұрыс таңдалмаған", - деді мектепке дейінгі, жалпы және орта білім беру бөлімінің бастығы Гүлдана Нұрсұлтан.