Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Қазақстан санкция салынған 60 тонна картопты Ресейге жеткізген

Көкөністің нақты қай елде өсірілгені туралы мәлімет жоқ.

Қазақстан санкция салынған 60 тонна картопты Ресейге жеткізген
фото: ашық дереккөз

Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі Ресей аумағына Германиядан жеткізілген картопқа қатысты оқиғаны тексеріп жатыр, деп хабарлады paryz.kz, ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бірнеше күн бұрын Ресейдің ауыл шаруашылығы өнімдеріне бақылау жүргізетін мекеме қазақстандық тарапқа РФ аумағына жеткізілетін картоп үшін фитосанитарлық сертификаттар беруді тоқтата тұру туралы өтініш білдірді. Бұған санкциямен тыйым салынған өнімнің "қазақстандық" деп көрсету арқылы жеткізілгені себеп болып отыр. Ведомство хабарлағандай, 3 наурыз күні қазақстандық жабдықтаушы Ресей аумағына 60 тоннадан астам неміс картобын "қазақстандық өнім" ретінде өткізген.

Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлағандай, алдын ала тексеру жұмыстары 60 тонна картопқа арналған фитосанитарлық сертификат Кедендік одақ пен ЕАЭО нормаларын қатаң сақтай отырып берілгенін көрсетті. Алайда көкөністің нақты қай елде өсірілгені туралы мәлімет жоқ.

"ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитеті анықтағандай, 2 наурыз күні Ақтөбе облыстық аймақтық инспекциясы Ресей Федерациясындағы «РусЕвроплант» АҚ мекенжайына 60 тонна картоп жеткізу үшін «KazEuroplant LLP» ЖШС-ға фитосанитарлық сертификат берген. Құжатты рәсімдеу кезінде Кедендік одақ комиссиясының №318 шешімі және 2016 жылдың 30 қарашасында ЕЭК Кеңесінің №159 шешімімен бекітілген ЕАЭО кедендік аумағында өсімдіктердің карантинін қамтамасыз етудің бірыңғай ережелері мен номаларын сақтай отырып жүргізілген" деп жазылған АШМ хабарламасында.

Қазіргі уақытта мемлекеттік инспекция комитеті оқиғаның мән-жайын анықтау жұмыстарын жалғастырып жатыр.