"Егемен Қазақстан" қағазы құнының өзі жарты миллиард теңгеден асады

Әңгіме 1 974 311,99 келі қағазды 1 келісі үшін 263,4 теңге бағасымен сатып алу туралы болып отыр.

"Егемен Қазақстан" қағазы құнының өзі жарты миллиард теңгеден асады
фото: inform.kz

"Егемен Қазақстан" газет қағазының құнын жарты миллиардтан астам теңгеге бағалады, деп хабарлады paryz.kz, kaztag.kz-ке сілтеме жасап.

"Тапсырыс беруші - "Егемен Қазақстан" Республикалық газеті" акционерлік қоғамы; атауы - газет қағазы; қосымша сипаттама - газет қағаздары (Петропавл, Қостанай, Ақмола облысы, Нұр-Сұлтан, Павлодар, Өскемен, Қарағанды, Шымкент, Тараз, Қызылорда, Талдықорған, Атырау қаласы, Актөбе қаласы, Орал қаласы); жоспарланған сома - 520 033 778,17 теңге", - делінген мемлекеттік сатып алу порталында орналастырылған лоттың сипаттамасында.

Әңгіме 1 974 311,99 келі қағазды 1 келісі үшін 263,4 теңге бағасымен сатып алу туралы болып отыр. Байқауға қатысуға өтінімдер қабылдау басталды және 25 наурызда 16.07-де аяқталады.