Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Қор нарығында доллар арзандады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.

Қор нарығында доллар арзандады
freepik.com

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,23 теңгеге арзандады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 523,72 теңге. Ұлттық банктің 23 желтоқсанға ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 523,86 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,11 теңге. Еуро — 544,34. 

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 524,9 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 528,5 теңге. Еуро 544,5 — 549,5 теңге аралығында құбылып тұр. Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 524 теңге, сатып алу құны — 528 теңге. Еуро 544 теңгеден сатылып, 554 теңгеден сатып алынады. Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,05 - 5,15 аралығында саудаланып жатыр.