Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Доллар, еуро мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 495– 500 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Доллар, еуро мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай
Фото: Kazinform

Ұлттық банктің 20 қарашаға арналған ресми бағамы — 1 долларға 497,26 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 4,97 теңге. Еуро — 525,21.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 496,9 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 498,9 теңге.

Еуро 523,5 — 528 теңге аралығында құбылып тұр. Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 495 теңге, сатып алу құны — 500 теңге.

Еуро 524 теңгеден сатылып, 530 теңгеден сатып алынады. Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,97 - 5,07 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 19 қараша кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,82 теңгеге төмендеп, 497,18 теңге болған.