Сонымен қатар, соңғы 5 жыл ішінде компания 648 миллион теңгеден астам келісімшарт жасасқан.
Нұр-Сұлтан қаласы бақылау және сапаны бақылау жөніндегі басқармасының бұйрығымен "Астана ветсервис" мекемесі 100 миллион теңгеге қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау, күтіп-ұстау және жою бойынша жұмыстар жүргізетін болды, деп хабарлады paryz.kz.
Қызметтердің құны бір жылға есептелген. Былтыр дәл осы қызметке 90 миллионнан астам теңге бөлініпті.
Мемлекеттік бюджеттен жыл сайын қаңғыбас жануарларды ұстауға және жоюға тек «Астана ветсервисінің» өзіне кемінде 100 миллион теңге кетеді екен. Сонымен қатар, соңғы 5 жыл ішінде компания 648 миллион теңгеден астам келісімшарт жасасқан.