Жетісайда далаға еккен қырыққабат пісіп, сатылымға шықты

Шаруалар алынған өнімдерін жергілікті базарларға және республика аумағына жөнелткен.

Жетісайда далаға еккен қырыққабат пісіп, сатылымға шықты
фото: дереккөз

Түркістан облысындағы Жетісай ауданының диқандары 120 тонна қырыққабатты сатып үлгерді, деп хабарлады paryz.kz, өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Жетісай ауданында жалпы ауылшаруашылығы мақсатындағы жер көлемі – 78 500 гектар. Оның былтыр 1 170 гектарына қырыққабат егіліп, одан 36 мың тонна өнім жиналған. Биыл жыл басынан бері ауданда 900 гектарға қырыққабат көшеті отырғызылған.

Қырыққабат егумен үзбей айналысатын Жаңа дәуір елді мекенінде орналасқан "Шаблан" шаруа қожалығы 3,5 гектарға қырыққабат егіп, қазір одан 70 тонна, ал Әметов Нұрбол есімді шаруа 50 тонна өнім жинап отыр. Шаруалар алынған өнімдерін жергілікті базарларға және республика аумағына жөнелткен.