Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Үкімет бюджет тапшылығын жабу үшін тағы 500 млн доллар қарыз алмақ

Қаржы министрлігінің есебіне сәйкес, былтыр Қазақстандағы бюджет дефициті 2,4 трлн теңгеге жеткен.

Үкімет бюджет тапшылығын жабу үшін тағы 500 млн доллар қарыз алмақ
фото: ашық дереккөз

Қазақстан бюджет тапшылығын толтыру үшін тағы да 500 млн доллар қарыз алады, деп хабарлады paryz.kz, Atameken Business-ке сілтеме жасап.

Үкімет қаулысы Қаржы министрлігінің ресми сайтында жарияланды. Займ "Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар туралы" заңнама шеңберінде сыртқа облигация шығару процесімен алынбақ.

Бұған дейін Үкіметтің Азиялық даму банкі мен Азиялық инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен 1,5 млрд доллар алуға шешім шығарғаны мәлім. Ратификацияланған құжатта бұл қаражат пандемиямен күреске жіберіледі деп көрсетілген.

Қаржы министрлігінің есебіне сәйкес, былтыр Қазақстандағы бюджет дефициті 2,4 трлн теңгеге жеткен.