Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Қазақстандықтардың зейнетақы жинағын қандай мақсаттарға алып жатқаны анықталды

Әзірге 212 миллиард теңгенің өтінімі мақұлданды...

Қазақстандықтардың зейнетақы жинағын қандай мақсаттарға алып жатқаны анықталды
фото: ашық дереккөз

Қазақстандықтардың зейнетақы жинағын алудағы ең танымал мақсаттары айтылды. Бұл туралы "Отбасы банк" басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова айтты, деп хабарлады paryz.kz, tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, зейнетақы жинағын алуға өтініш тастағандардың 41 пайызы, яғни әрбір екінші адам - қолданыстағы ипотекалық қарызды өтеушілер.

"Екінші мақсат - толық сатып алу арқылы тұрғын үй сатып алу. Біз оған қатты таңғалдық. Себебі 21 пайызы, яғни әрбір бесінші өтініш осы мақсатта түскен. Ең алдымен ол - зейнетақы қорында 15 миллион теңгеден жоғары қаржысы бар адамдар. 

Үшінші мақсат - 17 пайызы туыстарына баспана алуға қолдану. 9069 қазақстандық бір-біріне көмектесуді ұйғарған: әкесі қызына, ағасына, әпкесіне деген секілді. 

Келесі мақсат - өтініш берушілердің 8 пайызы "Отбасы банкінде" тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесінде тұрғын үйге ипотекалық қарыз алу. Жалпы бұл мақсатта 3708 өтініш түсті", - деді Ләззат Ибраимова. 

Айта кетейік, 23 қаңтардан бастап қазақстандықтардан зейнетақы жинағының бөлігін тұрғын үй алу, ипотекалық қарызды өтеу, т.б. мақсатта алу үшін өтінімдер қабылдана бастады. Әзірге 212 миллиард теңгенің өтінімі мақұлданды.