2023 жылдың қаңтар-қазан аралығында Алматы қаласының қысқа мерзімді экономикалық индикаторы 13,1%-ға өсті. Бұл туралы Алматының Экономика басқармасы хабарлады, – деп хабарлайды Paryz.kz.
Өнеркәсіптік өндіріс саласында 1639,9 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 18,9%-ға өсті. Өңдеу өнеркәсібі 18,6%-ға өсті. Құрылыс саласындағы көрсеткіштердің 1,9%-ға өсуі байқалады, жыл басынан бері 1860,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 19,9%-ға өсті.
Сауда 14,5%-ға, оның ішінде бөлшек сауда 7,1%-ға және көтерме сауда 17,2%-ға өсті. Байланыс қызметтері 3,1%-ға өсті. Сыртқы сауда айналымы (ЕАЭО елдерінсіз) 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында 29,9% өсіп, 18,6 млрд. АҚШ доллары болды. Экспорт 21,8% өсіп, 3,4 млрд. АҚШ долларын, импорт 31,8%-ға артып. 15,2 млрд. АҚШ долларына жетті.
Жыл басынан бері Алматы еліміздегі өнеркәсіп өндірісінің ең жоғары өсу қарқынын көрсетті. Алматыда жыл басынан бері өңдеу өнеркәсібінің көрсеткіші артты.
Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша Алматының қысқа мерзімді экономикалық индикаторы 13,5% - ға өсті.
"Алматыда өңдеу өнеркәсібі 21%-ке өсіп, еліміздегі ең жоғары өсу қарқынын көрсетті. Автомобильдер өндірісін, тамақ және фармацевтика өнеркәсібін ұлғайту нәтижесінде оң динамикаға қолжетті", - деп мәлімдеді ведомство.
Сауда саласы 14,5%, оның ішінде бөлшек сауда саласы – 6,5%-ке, ал көтерме сауда саласы - 17,4%-ке өсті.
"Сондай-ақ байланыс қызметтері 3,3%-ке, көлік және қоймалау 9,5%-ке ұлғайды.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар 1 трлн теңгеден асты. Жеке инвестициялар 7,3% - ға дейін артты", - дейді әкімдік мамандары.