Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Алматыда жеке инвестициялар 10,9% - ға өсті

Ағымдағы жылдың 10 айында Алматы қаласы бойынша негізгі капиталға инвестициялар 4,2% - ға дейін өсіп, 1,2 триллионды құрады. Бұл ретте жеке инвестициялар 10,9% - ға, 1 073,7 млрд. теңгеге дейін өсті. Бұл туралы Алматы қаласының экономика басқармасынан хабарлады, - деп хабарлайды Paryz.kz.

Алматыда жеке инвестициялар 10,9% - ға өсті
фото: Алматы қаласының әкімдігінен

Өнеркәсіптің басым салаларын дамытуға арналған және құрылған Индустриалды аймақ қарқынды дамуда. Олардың ішінде: машина жасау, тамақ, жеңіл, фармацевтика, химия өнеркәсібі және құрылыс материалдарын өндіру салалры.

Бүгінде Алматының Индустриалды аймағында 8 515 жұмыс орны ашылған және жалпы сормасы 210,4 млрд. теңге болатын 26 инвестициялық жоба іске асырылуда. Ағымдағы жылдың соңына дейін Индустриалды аймақта 389 жұмыс орны ашылады және жалпы құны 8,1 млрд. теңге болатын тағы 6 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. 2025 жылы 1,5 мың жұмыс орны құрылып, жалпы құны 100 млрд. теңге болатын Changan, Chery, Haval жеңіл автомобильдерін шығаратын мультибрендтік зауытты іске қосу жоспарланған.

Алматы қаласы өңдеу өнеркәсібі бойынша ел аумағында көш басында тұр. Шаһарда Автомобильдер өндірісі, тамақ және фармацевтика өнеркәсібін ұлғайту ісінде оң динамика байқалады.

Бүгінде оңтүстік астанада өңдеу өнер кәсібі 21 пайызға өскен. Бұл туралы қалалық экономика басқармасы хабарлады. Сауда саласы 14,5% – ға, оның ішінде бөлшек сауда саласы – 6,5% - ға, көтерме сауда саласы-17,4% - ға өсті. Байланыс қызметтері 3,3% – ға, көлік және қоймалау 9,5% - ға ұлғайды. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 1 трлн теңгеден асты. Жеке инвестициялар 7,3% - ға дейін артты. 2023 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Алматының қысқа мерзімді экономикалық индикаторы 13,5% - ға өсті.

Жалпы, «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығының» мәліметінше, біздің орталыққа осы екінші отырысқа қатысты 120 астам инновациялық жоба ұсынылған болатын. Біздің серіктес инвесторлар, сарапшыларымыз олардың ішінен 30 жобаны таңдап алды.

Енді қалған жобаларды да коммерциялындыру мақсатында қосымша жұмыстар жүргізілетін болады. Мен мұнымен не айтқым келеді? Қазіргі таңда ғылымды қажет ететін экономиканы құруда жеке инвесторлардың ролі өте үлкен! Жоғары дамыған елдерде ғылымға инвестиция жұмсауда басты драйвер мемлекет пен бюджеттік қаржы емес, корпорациялар, бизнес орта, яғни кәсіпкерлер! Ал бұл үшін ғылым мен бизнес арасында жүйелі байланыс, диалог орнату қажет.