Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Алматыда жаңа кәсіпорын пайда болмақ

«Алатау» шағын ауданындағы «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында медициналық бұйымдар өндіретін жаңа зауыттың (катетерлер, зондтар, патологиялық материал жинауға арналған контейнерлер және т.б.) іргетасы қаланды. 100-ге жуық жұмыс орны болатын зауыт құрылысына 1,5 млрд теңге жеке инвестиция салынады, - деп хабарлайды Paryz.kz.

Алматыда жаңа кәсіпорын пайда болмақ
фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Құрылысты аяқтаудың жоспарланған мерзімі - 2024 жылғы маусым.

«Алатау» АЭА аумағында инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған жер учаскелері қосалқы жалдау құқығымен өтеусіз негізде беріледі. Берілетін жер учаскелері қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген, кластерлер бойынша бөлінеді және барлық санитарлық нормаға сәйкес келеді.

Біз «Алатау» ИТП АЭА-дағы медициналық бағытты 2020 жылы бүкіл әлем жаһандық пандемияға тап болған кезде белсенді дамыта бастадық. Сондықтан арнайы экономикалық аймақ қызметінің басым түрлеріне медициналық техника, медициналық жабдықтар мен фармацевтика өндірісі де енгізілді. Сондай-ақ ауданы 25 га учаске бөлінді. Қазір бұл салада бірқатар жоба іске асырылуда. АЭА ИТП медициналық бағыттан басқа аспап жасау, ақпараттық технологиялар, деректерді өңдеу орталығы, электр жабдықтары және т. б. салалардағы жобаларды да іске асырады. Бүгінгі таңда бізде жалпы сомасы 20 млрд теңгеден асатын 10-нан астам жоба іске асырылуда, - деді «Алатау» технопаркі» ЖШС- АЭА ИТП басқарушы компаниясының бас директоры Олжас Сартаев.

Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 10 млн бірлікті құрайды. Отандық өндіруші өнімді тек ішкі нарықта ғана емес, Өзбекстан мен Қырғызстанға экспорттауды жоспарлап отыр.

Инвестициялық жоба Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының қолдауымен іске асырылуда. Инвестициялық жобаны сүйемелдеуді Алматының «Almaty Business Development Company» бизнесті дамыту компаниясы жүзеге асырады.

Бұл жобаға біз АЭА резиденті мәртебесін, техникалық шарттарды алу бөлігінде көмектестік. Қазір біз «Almaty Business» өңірлік бағдарламасы аясында жеңілдетілген қаржыландыруды бөлу мүмкіндігін талқылап жатырмыз. Мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл саласында жұмыс жүргіземіз және болашақта «бір терезе» қағидаты бойынша қолдау көрсететін боламыз. Жоғары технологиялық және «таза өндірістерді» дамыту үшін қала инвестициялық алаңдарды – «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын және дайын инфрақұрылымы бар жер учаскесін алу мүмкіндігімен Алматының Индустриалды аймағын белгіледі. Сондай-ақ АЭА аумағында ерекше салық және кедендік режимдер жұмыс істейді, - деп атап өтті «Almaty Business Development Company» басқарма төрағасы Айдан Рамазан.

Алматыда инвесторларды тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Атап айтқанда үш басым бағыт - жоғары технологиялық өндірістерді, туризмді және креативті индустрияларды дамыту бойынша. Мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында өңдеу өнеркәсібі саласындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне 500 млн теңгеге дейінгі сомада жеңілдікті қаржыландыру қолжетімді.

Естеріңізге салайық, «Алатау» шағын ауданындағы «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында медициналық бұйымдар өндіретін жаңа зауыттың (катетерлер, зондтар, патологиялық материал жинауға арналған контейнерлер және т.б.) іргетасы қаланды. 100-ге жуық жұмыс орны болатын зауыт құрылысына 1,5 млрд теңге жеке инвестиция салынады