Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Алматыда өңдеу өнеркәсібі 21 пайызға өсті

Биылдың 9 айының қорытындысы бойынша Алматының қысқа мерзімді экономикалық индикаторы 13,5% - ға өсті. Қалалық экономика басқармасының мәліметінше, Алматыда өңдеу өнеркәсібі 21% - ға өсіп, еліміздегі ең жоғары өсу қарқынын көрсетті, – деп хабарлайды Paryz.kz.

Алматыда өңдеу өнеркәсібі 21 пайызға өсті
фото: gov.kz

Автомобильдер өндірісін, тамақ және фармацевтика өнеркәсібін ұлғайту есебінен оң динамикаға қолжетті.

Сауда саласы 14,5% – ға, оның ішінде бөлшек сауда саласы – 6,5% - ға, көтерме сауда саласы-17,4% - ға өсті. Байланыс қызметтері 3,3% – ға, көлік және қоймалау 9,5% - ға ұлғайды.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар 1 трлн теңгеден асты. Жеке инвестициялар 7,3% - ға дейін артты.

Қазір Алматы қаласы Қазақстан Республикасының барлық өңірлері арасында 1 орынға орналасты. Қаламыздың өнеркәсіп өндірісіндегі өсім Алатау ауданындағы Алматы индустриалды аймағының дамуымен тығыз байланысты. Алатау ауданында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 466,9 млрд теңгені құрады, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі – 429,9 млрд теңге. Соңғы жылдары шаһарымызда автомобиль кластері жақсы дамуда. 2022 жылы өңдеу өнеркәсібі өсімінің 70%-ы автомобиль жасау есебінен қамтамасыз етілді, 37,2 мың автомобиль өндірілді. Жалпы салық түсімдері – 8,7 млрд теңгені құрады

Алматы — Қазақстанның аса ірі мегаролисі, ол Іле Алатауының баурайында орналасқан. 1997 жылға дейін қала еліміздің астанасы болды. Қазіргі кезде Алматы еліміздің ғылыми, мәдени, тарихи, өндірістік және қаржылық орталығы болып табылады.

Мұнда қуатты адам капиталы шоғырланған. Қала бүгінде еліміздің экономикалық орталығына айналды. Мұнда бизнес белсенді жұмыс істейді. Бір сөзбен айтқанда, Алматы бүгінде еліміздің дамуына қомақты үлесін қосуда.

Алматы – еліміздің экономикалық дамуының қозғаушы күші және көшбасшысы. Жалпы ішкі өнімнің бестен бір бөлігі, бюджет кірісінің 25 пайыздан астамы және Қазақстанның сауда операцияларының үштен бір бөлігі осы қалаға тиесілі. Жыл басынан бері қала экономикасына 930 миллиард жеке инвестиция тартылған. Кәсіпкерлік дәйекті дамып келеді. Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 30 пайызға өскен.

Экономиканың әртараптандырылу деңгейінің төмен болуы қала тұрғындары табысының өсімін баяулатады. Қала «орташа табыс тұзағына» түсті, одан шығу үшін қала экономикасын түбегейлі әртараптандыру қажет. Өңдеу өнеркәсібін, туризмді, IT секторын және креативті индустрияны дамытуға баса назар аудару керек. Бәсекелестікті ынталандыру, инвестиция тарту және еңбек өнімділігін айтарлықтай арттыру қажет. Қала жағдайындағы өңдеу өнеркәсібін дамыту ісі экологиялық таза және ықшамды заманауи технологияларды қолдана отырып, үдерістерді жоғары деңгейде автоматтандырумен және цифрландырумен қатар жүзеге асырылуы керек. Алматының индустриялық аймағы мен «Алатау» инновациялық технологиялар паркінің әлеуетін толық пайдалану қажет.

Естеріңізге сала кетейік, Биылдың 9 айының қорытындысы бойынша Алматының қысқа мерзімді экономикалық индикаторы 13,5% - ға өсті. Қалалық экономика басқармасының мәліметінше, Алматыда өңдеу өнеркәсібі 21% - ға өсіп, еліміздегі ең жоғары өсу қарқынын көрсетті. Автомобильдер өндірісін, тамақ және фармацевтика өнеркәсібін ұлғайту есебінен оң динамикаға қолжетті.

Сауда саласы 14,5% – ға, оның ішінде бөлшек сауда саласы – 6,5% - ға, көтерме сауда саласы-17,4% - ға өсті. Байланыс қызметтері 3,3% – ға, көлік және қоймалау 9,5% - ға ұлғайды.