Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

"Жеке тұлғалардың ақша аударымдары тексеріледі": комитет түсініктеме берді

Расымен де мемлекеттік кірістер комитеті тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге ақы төлеу кезінде кәсіпкерлерге төлемдер мен аударымдарды фискалдау мәселесімен айналысып жатыр...

"Жеке тұлғалардың ақша аударымдары тексеріледі": комитет түсініктеме берді
фото: ашық дереккөз

Бүгін Мемлекеттік кірістер комитеті әлеуметтік желіде тарған қате ақпараттың мән-жайын түсіндіруге мәжбүр болды, деп хабарлады inbusiness.kz.

Түрлі хабарламаларда "2021 жылдың басынан бастап екінші деңгейлі банктер мемлекеттік кірістер органдарына жеке тұлғалардың жеке шоттарындағы ақша қозғалысы туралы мәлімет ұсынуға міндеттелгені" жайында ақпарат тарап жатыр. Бұл норма Салық кодексіне енгізілген өзгерістерде бекітілген-міс.

"Мемлекеттік кірістер комитеті бұл хабарламаны ресми түрде жоққа шығарады және Салық кодексіне 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін мұндай өзгерістер енгізілмегенін атап өтеді. Осыған байланысты МКК таратылған ақпарат шындыққа сәйкес келмейтіндігін хабарлайды", - деп мәлімдеді комитеттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, осыған ұқсас ақпараттар бұған дейін де тарап, тиісті органдар үн қатқан болатын. Расымен де мемлекеттік кірістер комитеті тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге ақы төлеу кезінде кәсіпкерлерге төлемдер мен аударымдарды фискалдау мәселесімен айналысып жатыр.

"Бірақ бұл жаңашылдықтар жеке тұлғалардың жеке мақсаттарға пайдаланатын аударымдарына әсер етпейді. Демек, мемлекеттік кірістер органдары жеке тұлғалардың аударымдарын әкімшілендіруді жоспарлап отырған жоқ", - делінген ресми мәліметте.