Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Нұрымбетов 724 миллион теңге жалақының қайтарылмағанын айтты

Еліміздегі 324 мың кәсіпорында 6 миллион 650 мыңнан астам адам жұмыс істейді.

Нұрымбетов 724 миллион теңге жалақының қайтарылмағанын айтты
Фото: ашық дереккөз

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов еңбекақы бойынша қарызы ең көп аймақтарды атады, деп хабарлады paryz.kz, sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

Биыл еңбек инспекторлары 4,2 миллиард теңге көлеміндегі жалақы қарызын өтеп, 31 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады.

"Бүгінде еңбекақы бойынша жалпы берешек - 724 миллион теңге. Ол жыл басынан 49 пайызға, яғни 696 миллион теңгеге азайды. Дегенмен өңірлер бөлінісінде ең үлкен берешек Маңғыстау, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарына тиесілі", - деді министр Үкімет отырысында. 

Министр берешекті уақытында өтеуді күшейту үшін биыл заңнамалық тұрғыда мемлекеттік еңбек инспекторының жұмыс берушіге беретін ұйғарымының мәртебесі сот орындаушысының бұйрығына теңестірілгенін еске салды. Бұл жұмыс берушілерге қосымша есепшоттар мен мүлікке тыйым салу, елден шығуға шектеу шараларын қолдануға мүмкіндік береді.

Министрліктің статистикасы бойынша, еліміздегі 324 мың кәсіпорында 6 миллион 650 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Олардың жалақысы былтырғымен салыстырғанда 6,9 пайызға өскен.