Қаржыгер: "Қазақтардың байлыққа деген ерекше көзқарасы болған"

«Инвестиция әліппесі. Ақшаны қалай көбейтеміз?» кітабының авторы, қаржыгер Бауыржан Шурманов бұрындары қазақтардың байлыққа деген ерекше көзқарасы болғанын айтты, деп хабарлайды Paryz.kz, BAQ.KZ-ке сілтеме жасап. 

Қаржыгер: "Қазақтардың байлыққа деген ерекше көзқарасы болған"
Сурет: Baq.kz

Бүгін Ұлттық академиялық кітапханада қаржы сауаттылығына қатысты кітаптың тұсаукесері өткен болатын. 

Авторлардың айтуынша, кітапты жазуға жылдан аса уақыт кеткен.

Қаржылық сауаттылық тақыбырын зерттегенде ең алдымен қазақ менталитетінің тарихын қарадық. Көбі «қазақтар ақшаны үнемдей алмайды, еріншек, ақшаны тез таратады» деп ойлайды. Бірақ тарихты алып қарасақ, қазақтардың байлыққа деген ерекше көзқарасы болған, - деді қаржыгер.

Сөзінше, жаңадан шыққан кітапта осы мәселе бойынша түрлі сараптама жасалып, мысалдар келтірілген.

Сонымен қатар қазіргі кездегі белгілі инвесторлармен сұқбат құрып, олардың тәжірибесін жаздық. Кітап ең алдымен жастар үшін құнды. Себебі кітап жарық көргелі пікірлердің басым бөлігі жастардан түсіп жатыр. Бір айдың ішінде кітапты университеттерге тараттық. Кейін ол бойынша пікірлерлі жинадық. Нәтижесінде біз сұраныстың ақшаны қалай жинау керегі жайында екенін байқадық, - деді Бауыржан Шурманов кітапханада.