Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Билік биыл бюджеттегі ақшаны Түркістан облысына шашқан

Әуелгісі бір жылда 2, ал екіншісі бар-жоғы 1,6 млрд теңгемен қош айтысыпты.

Билік биыл бюджеттегі ақшаны Түркістан облысына шашқан
Фото: ашық дереккөз

Биыл Қазақстанда ауылдық жерлерге бюджеттен ең көп ақша жұмсаған облыс – Түркістан, деп хабарлады paryz.kz, "Еуразия бірінші" телеарнасына сілтеме жасап.

Алайда бұл - ресми статистика емес, "Transparency Kazakhstan" үкіметтік емес ұйымы жүргізген зерттеудің нәтижесі ғана. Осы өңірдегі ауылдар, ауылдық округтер, кенттер, қалалар бәрінің шығынының басын қосқанда 25,9 млрд теңгеге жетті.

Екінші орынды 18,4 млрд теңгемен Алматы облысы еншілесе, Жамбыл облысы 12 айда 11 млрд теңгені жаратып, үшінші орынға жайғасқан. Солтүстік пен Шығыс Қазақстан облыстары үнемшіл өңірлердің қатарына кірді. Әуелгісі бір жылда 2, ал екіншісі бар-жоғы 1,6 млрд теңгемен қош айтысыпты.

Түркістан облысы - 25,9 млрд тг.

Алматы облысы - 18,4 млрд тг.

Жамбыл облысы - 11 млрд тг.

Солтүстік Қазақстан - 2 млрд тг.

Шығыс Қазақстан - 1,6 млрд тг.

Дәл осы зерттеуді жүргізген "Transparency Kazakhstan" ұйымы болса, былтыр бұл өңірдің шығынын 20 млрд-қа жуық деп көрсеткен. Бұл ресми ақпардан 2 млрд-қа ғана аз.