Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Бірқатар аймақ 54 млрд теңгені іске жарата алмаған

Қаражатты игере алмаған өңірлер арасында Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Атырау облыстары бар.

Бірқатар аймақ 54 млрд теңгені іске жарата алмаған
Фото: ашық дереккөз

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бюджет қаражатын игермеген қала мен облыстарды атады, деп хабарлады paryz.kz, nege.kz-ке сілтеме жасап.

"Жергілікті бюджеттердің шығысы - 7,1 трлн теңге, атқарылмағаны – 208 млрд теңге. Биыл өңірлерге 2,2 трлн теңге сомасында нысаналы трансферттер көзделген. Алдын ала деректер бойынша оларға 1 желтоқсанға дейін 2 трлн теңге бөлінген. Олардың 96,7%-ы игерілген. Атқарылмағаны - 66 млрд теңге. Оның ішінде 12 млрд теңге үнемделсе, 54 млрд теңге игерілмеген”, – деді Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысында.

Қаражатты игере алмаған өңірлер арасында Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Атырау облыстары бар.

"Жергілікті атқарушы органдардың ақпаратына сәйкес, жыл қорытындысында нысаналы трансферттер бойынша 26 млрд теңге сомасында жоспардың орындалмауы болжанып отыр. Оның негізгі себептері: мемлекеттік сатып алу бойынша үнемдеу; жоспарға қарағанда алушылардың нақты санының азаюы; жұмыс жүргізу кестесінен артта қалу және жұмыс көлемінің орындалмауы. Сондықтан республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшілері мен жергілікті атқарушы органдар бюджет қаражатын тиімді және толық игеру үшін барлық шараларды қабылдауы қажет”, – деді Қаржы министрі.