Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Биыл елімізде мультфильмдер үшін 1 миллиардтан астам теңге бөлінген

Бұл ретте, "Балапан" телеарнасы 2020-2021 жылдары балаларға арналған контентті дамытуға 2 млрд теңге жұмсауды жоспарлап отыр.

Биыл елімізде мультфильмдер үшін 1 миллиардтан астам теңге бөлінген
фото: видеодан скриншот

Мәдениет және спорт министрлігі 2020 жылы анимациялық фильмдерге 1 миллиардтан астам қаржы бөлген. Бұл туралы бүгін Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді, деп хабарлады paryz.kz.

"Мәдениет және спорт министрлігі анимациялық жобаларды дамытуға 2018 жылы 56 миллион, 2019 жылы 105 миллион аударды. Ал 2020 жылы бөлінген қаржы 1 миллиардтан асады", - деді Тоғжанов, Мәжіліс депутаты Кәрібай Мұсырманның сұрағына берген жауабында.

Бұл ретте, "Балапан" телеарнасы 2020-2021 жылдары балаларға арналған контентті дамытуға 2 млрд теңге жұмсауды жоспарлап отыр. Министр орынбасарының айтуынша, бүгінде отандық телеарналардағы анимациялық эфир уақытының үлесі 60%-дан 80%-ға дейін өскен көрінеді.