Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

Жеңілдетілген автонесие: автосалондардың алдын ала төлем талап етуі заңды ма?

Сенат отырысынан кейін журналистер министрден автосалондардың кейде көлік құнының 30%-ға дейін жететін алдын ала төлем талап етуі қаншалықты заңды екенін сұрады деп хабарлады Paryz.kz ақпараттық агенттігі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Жеңілдетілген автонесие: автосалондардың алдын ала төлем талап етуі заңды ма?
фото: tarantas.news

«Сіз айтып отырған мәселені мен де естідім. Мұндай өзгерістерді автосалондар жасап жатыр дейді. Қазір бұл мәселені құзырлы мемлекеттік органдармен талқылап жатырмыз. Сұраққа ресми түрде жауап береміз», – деді Қайырбек Өскенбаев.

Айта кетсек, жеңілдетілген несие берудің қолданыстағы ережелеріне сәйкес, автокөлікті сатып алушы бірінші кезекте автосалонмен келісімге қол қоюы керек.

Тек несие сомасы автокөлік құнынан аз болған жағдайда ғана және тікелей автокөлікті сатып алу кезінде ғана алдын ала төлем жүргізіледі.