Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

Ипотека бойынша жарнадан кімдер босатылады?

Құжат Президент әкімшілігіне жөнелтіледі.

Ипотека бойынша жарнадан кімдер босатылады?
Фото: ашық дереккөз

Енді еліміздегі бюджеттік сала мамандары ипотекаға қатысты бастапқы жарнаны төлемеуі мүмкін, деп хабарлады paryz.kz.

Дегенмен қазірше бұл жаңалық ұсыныс күйінде тұр. Ұсынысты жасағандар - сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын әзірлеуші қызметкерлер.

Ұсыныс Ашық нормативтік құқықтық актілер сайтында шықты. Соған орай, 2021 жылдың үшінші тоқсанында мемлекеттік қызметкерлер мен бюджет саласындағы мамандарға бастапқы жарнаны төлемеу туралы баяндалған. Енді осы бастаманы Ұлттық экономика, Қаржы министрліктері және Ұлттық банк мақұлдауы қажет. Егер үш тарап келісімдерін берсе, құжат Президент әкімшілігіне жөнелтіледі.