Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдіктерге зейнетақы төлейтін болдық

"Жұмысқа орналастырушы мемлекеттің азаматтары мен еңбекшілердің тең құқықтары қамтамасыз етіледі", - дейді Біржан Нұрымбетов.

Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдіктерге зейнетақы төлейтін болдық
фото: ашық дереккөз

Қазақстанға шетелден келіп жұмыс істейтіндерге де зейнетақы төленеді. "Шетелдік жұмысшылардың бас қатырған зейнетақы мәселесін шешеміз", - деп отыр Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі. Бұл туралы paryz.kz, КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлады.

Мәселен, Беларусьте жинақтаушы зейнетақы жүйесі жоқ. Ал Қазақстан, Ресей, Арменияның жинақтаушы зейнетақы жүйесі бірдей емес. Зейнетақы жүйесін қаржыландыру және зейнетақы қаражатын бөлу тәсілінде де айырмашылықтар бар екен.

Сенаторлар қабылдаған заң Еуразиялық одаққа мүше елдердің зейнетақы жүйесін біріздендіреді. Яғни, келісім күшіне енгеннен кейін, егер аталған елдердің кез келген азаматы Одақтағы елдердің бірінде бірнеше жыл жұмыс істеп, содан кейін Отанына оралса, онда осы елдердің заңнамасымен зейнет жасына жеткен кезде жиналған зейнетақысын ала алады.

Қазақстан тарапынан келісімді іске асыру жөніндегі құзыретті орган ретінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры белгіленді.

"Аталған келісімнің күшіне енуі еңбекшілердің зейнетақы саласындағы мәселелерді реттеуге мүмкіндік береді. Атап айтқанда, жұмысқа орналастырушы мемлекеттің азаматтары мен еңбекшілердің тең құқықтары қамтамасыз етіледі. Әрбір мемлекет өз аумағында жұмыс өтілі кезеңдеріне зейнетақы төлейді. Әрбір мүше мемлекет зейнетақы алу құқығын айқындап, оның мөлшерін өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес есептейді", - дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов.