Прямая трансляция

Астана

Астана

12°C

Сатыбалды басқаратын компания енді «Қазақтелеком» АҚ акционері емес

SKYLINE INVESTMENT COMPANY S. A. (Люксембург) 1 шілдедегі жағдай бойынша енді «Қазақтелеком» АҚ акционерлерінің құрамына кірмейді деп жазады Рaryz.kz  Оrda.kz  сілтеме жасап.

Сатыбалды басқаратын компания енді «Қазақтелеком» АҚ акционері емес
ашық дерек көздерінен

Оның орнына акционерлер құрамына ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті кірді. Енді елдің басты телекоммуникациялық компаниясының акцияларын бөлу келесідей жүзеге аспақ:

  • «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ — 45,90%;
  • «ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ — 25,42%;
  • The BANK OF NEW YORK Mellon DRS (номиналды ұстаушы) — 8,62%.

Осылайша, «Қазақтелеком» АҚ 70% мемлекетке тиесілі.

Қызықты мәліметтер — номиналды ұстаушы – Тhe Bank of New York Mellon DRS, халықаралық журналистік тергеу консорциумының мәліметтері бойынша, ақшаны жылыстатуға жәрдемдесу бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі болып шықты. Мысалы, ресейлік кәсіпкер Олег Дерипаска осы банк арқылы тікелей оффшорлық шоттарына ақша аударымдарын жасап отырған.

Бұл тізімге Нью-Йорктегі басқа американдық банк — JPMorgan кіреді, ол арқылы елден қашқан БТА-банктің басшысы Мұхтар Әбіләзов «Мәскеудегі жылжымайтын мүлікке салым салу» үшін ақша аударған.

Номиналды ұстаушы – акцияларды өз атынан, басқа тұлғаның атынан ұстайтын және меншік иесі болып табылмайтын тұлға. The Bank of New York Mellon DRS атынан ашық көздерде акциялардың соңғы иесі кім екенін білу мүмкін емес.

Orda.kz редакцияцы «Қазақтелеком» АҚ-ға ресми сұрау жіберді.

2019 жылғы 1 сәуірге дейін акциялардың 8,25% номиналды ұстаушысы мемлекеттік компания — «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ болды.