Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

Үкімет шетелдік автомобильдерді әкелуге шектеу енгізеді

Алдағы уақытта Қазақстан аумағына кіргізілетін шетелдік көліктерге шектеу енгізілуі мүмкін. Бұл туралы Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың Сенат депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған, деп жазады Рaryz.kz  Экспресс К сілтеме жасап.

Үкімет шетелдік автомобильдерді әкелуге шектеу енгізеді
ашық дерек көздерінен

"Шет елден келген көлік құралдарын есепке қою — кезек күттірмейтін мәселе. Бұл ретте Үкімет ел аумағына шетелдік автомобильдерді әкелуді және пайдалануды шектеуге бағытталған тетіктерді әзірлеп жатыр",— дейді Әлихан Смайылов.

Ол осыған байланысты көрші елдерден (Ресей, Армения, Грузия, Қырғызстан) келген автокөліктерді толық рәсімделгенге дейін сол жерде уақытша тіркей отырып салық салу мәселесін қарастыруға әлі ерте деді ол.