Агенттіктің пікірінше, Қазақстанның рейтингі елдің тұрақты бюджеттік жағдайының арқасында өз орнында тұр. Оның ішінде Ұлттық қорда жинақталған қаражат пен сыртқы қарыздың төмендігі, Үкіметтің пандемияның жағымсыз көріністерін ауыздықтауға бағытталған шаралары, сондай-ақ мемлекеттік институттардың тұрақтылығы мен болжамдығының жоғары деңгейін айтуға болады.
Рейтинг агенттігі басқа жетекші халықаралық қаржы институттарымен бірге қысқа мерзімде ұлттық экономика күрт қалпына келеді деп болжайды - орташа өсу қарқыны 2021-2023 жылдары шамамен 4% құрайды. S&P өткен жылы ұлттық экономика өсімінің негізгі факторы - шикізаттық емес сектор, оның ішінде құрылыс, көлік және өңдеу секторы болғанын атап өтті. 2020-2022 жылдары шикізаттық емес сектор ұлттық өндірісті қалпына келтіру мен өсірудің қозғаушы күші болып қала береді.
Жаслан Мәдиев хабарлағандай, 9 наурыздан бастап «S&P Global Ratings» 57 елдің несие рейтингтері мен болжамдарын қайта қарады, соның ішінде Австралия, Бразилия, Чили, Жапония, Малайзия, Мексика, Эстония және Өзбекстанның көрсеткіштері нашарлаған.