ҚТЖ жаңа үш бағыт бойынша Talgo пойызын іске қосады

Мекемеге қарасты 1429 стандартты және 670 Тальго вагондары бар деп хабарлады Рaryz.kz  Нalyq-uni.kz сілтеме жасап.

ҚТЖ жаңа үш бағыт бойынша Talgo пойызын іске қосады
ашық дерек көздерінен

Шілде-тамыз айларында үш жаңа маршрут іске қосылады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ басшысы Жәнібек Тайжанов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.

Оның айтуынша жаңа бағыттар келесі қалаларды байланыстырады:

 - Нұр-сұлтан-Шымкент;

 - Нұр-сұлтан-Қостанай;

 - Нұр-сұлтан-Алматы.

«Жалпы қазір ҚТЖ-ға қарасты 2215 вагон бар. Оның ішінде 1429 бұрынғы стандартты вагон және 670 Тальго вагондары», –  деді Жәнібек Тайжанов.

Еске сала кетсек, бұған дейін Назарбаеваға тиесілі ЖШС-мен келісімшартты «Қазақтелеком» бұзғанымен, ҚТЖ асықпай отырғанын жаздық.