Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

"Қазақстан-Қытай" магистральдық газ құбырын тексергенде біраз тәртіп бұзушылық анықталды

"Қазақстан-Қытай" магистральдық газ құбырын тексеру кезінде бірқатар бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды Рaryz.kz КазТАГ ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

"Қазақстан-Қытай" магистральдық газ құбырын тексергенде біраз тәртіп бұзушылық анықталды
ашық дерек көздерінен

"Мемлекеттік инспекторлар" Азиялық газ құбыры" ЖШС қауіпті өндірістік объектілеріне тексеру жүргізді, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының алты бұзушылығы анықталды", - делінген бейсенбі күнгі хабарламада.

   Кәсіпорын табиғи газды тасымалдаумен айналысады.
   Бес компрессорлық станция және "Қазақстан-Қытай" магистральдық газ құбыры тексерілді. Мемлекеттік инспекторлар анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берді және ҚР ӘҚБтК-нің 298-бабының 1-бөлігі (жұмыстарды қауіпсіз жүргізу қағидаларын бұзу) бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданды.