Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

Қазақстандықтар Дубайдан 1,018 миллиард долларға жылжымайтын мүлік сатып алған

Дубайда жылжымайтын мүлкі бар қазақстандықтардың саны белгілі болды. Арнайы зерттеу жүргізген мамандар 1550 отандасымыздың сол жақтан 2694 жылжымайтын мүлік сатып алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Paryz.kz, Экспресс К-ға сілтеме жасап. 

Қазақстандықтар Дубайдан 1,018 миллиард долларға жылжымайтын мүлік сатып алған

Жылжымайтын мүліктің құны 1,018 миллиард доллар. 

Мұндай мәліметтерді EU Tax Observatory (Еуропалық салық обсерваториясы) мамандары жариялады. Олардың зерттеуінше, әлемдегі ең қымбат қалалардың бірінен қазақстандықтар мыңнан астам жылжымайтын мүлікті еншілеген.

Нақтырақ айтсақ, 1550 қазақстандық Дубайда жалпы сомасы 1,018 миллиард доллар болатын 2694 жылжымайтын мүлікке иелік етеді. Орта есеппен олар бір жылжымайтын мүлікке 377 989 доллар жұмсаған.

Ресейліктер де Дубайдан мүлік сатып алуға құмар болып шықты. Мәселен, онда 5381 ресейліктің жалпы сомасы 3,344 миллиард доллар болатын 9755 жылжымайтын мүлкі бар.

Ал Қырғызстанның 106 азаматы жалпы құны 102 миллион долларды құрайтын 236 нысанды сатып алған.