Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

8 млрд теңгеден астам қаржыны жымқырған TengriBank топ менеджерлері ұсталды

"Іспен экономикалық тергеу департаменті айналысады", - деп хабарлады бүгін Қаржы министрлігі.

8 млрд теңгеден астам қаржыны жымқырған TengriBank топ менеджерлері ұсталды
фото: дереккөз

"TengriBank" АҚ басқармасы төрағасының бұрынғы орынбасары Бахтияр Ілясов пен "TengriBank" АҚ Алматы филиалы директорының экс-орынбасары Әсет Жадықов 8 млрд теңгеден астам соманы жымқыру ісі бойынша ұсталды, деп хабарлады ҚазТАГ.

"Иә, растаймыз. Іспен экономикалық тергеу департаменті айналысады", - деп хабарлады бүгін Қаржы министрлігі ҚазТАГ редакциясына.

Бұған дейін әлеуметтік желіде тараған хабарға сәйкес, топ-менеджерлер арнайы қайтарымсыз займдар беру арқылы 8 млрд теңгеден астам қаржы жымқырған деген күдікке ілінген еді.

Еске сала кетсек, биылғы 18 қыркүйекте "TengriBank" АҚ-ты барлық банктік операциялар жүргізу лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдаған болатын. "Қазақстандық депозиттерді кепілдендіру қоры" АҚ банк салымшыларына кепілді өтемақы төленеді деген-ді.