16.05.2022, 21:50

Қазақстанда қанша жеңіл көлік бар?

Сурет: ашық дереккөз

Биылғы алғашқы үш айда 204 мың жеңіл автомобиль тіркелді, деп хабарлайды Paryz.kz, Informburo.kz-ке сілтеме жасап. 

Ұлттық статистика бюросының 1 сәуірдегі мәліметінше, Қазақстанда тіркелген 3 миллион 833 мың жеңіл көлік бар.

Биылғы қаңтар-наурыз аралығында Қазақстанда 204 238 жеңіл автомобиль есепке қойылса, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 9 пайыз аз. 

Тіркелген көліктердің басым бөлігінің шыққанына 10 жылдан астам уақыт өткен. 

Аталған мерзімде тіркелген жеңіл көліктердің 85 пайыздан астамы бензинмен жүреді. Газбен жүретін көліктердің үлесі 1 пайызға да жетпейді. 

2022 жылғы бірінші тоқсанда 2 600 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 3 968 адам зардап шеккен. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда апат саны 0,8% азайды.

1 сәуірдегі жағдай бойынша көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдары 10,7 млрд теңге сомасында 21 370 сақтандыру төлемін жүзеге асырған.