Прямая трансляция

Астана

Астана

15°C

1 сәуірден бері қазақстандықтар зейнетақы қорынан қанша ақша шешіп алды?

1 сәуірде зейнетақы жинағын шешуге арналған жеткіліктілік шегі артқан болатын, деп хабарлайды Paryz.kz, Informburo.kz-ке сілтеме жасап. 

1 сәуірден бері қазақстандықтар зейнетақы қорынан қанша ақша шешіп алды?
Сурет: ашық дереккөз

2021 жылдың қаңтарынан бері БЖЗҚ салымшылардың тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін жинақталған зейнетақы қаражатын пайдалануға 1 321 017 өтінішін орындады. Уәкілетті оператор-банктерде ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына БЖЗҚ 3,1 трлн теңгеден астам қаржы аударды.

Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы – 2,4 млн теңге.

Орындалған өтініштердің ең көбі:

  • Алматы қаласының (17,74%);
  • Нұр-Сұлтан қаласының (13,52%);
  • Маңғыстау облысының (10,40%) тұрғындары тарапынан жолданған.

www.enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер" бөлімінде салымшылардың біржолғы зейнетақы төлемдерін қандай мақсаттарға пайдалануды жоспарлайтыны туралы егжей-тегжейлі ақпарат жарияланған.

2022 жылдың сәуір айында жалпы сомасы 7,6 млрд теңгеге 3 276 өтініш орындалды.