Рекорд құлдырау Apple компаниясында тіркелді, индекс сегіз пайызға төмендеді. Компанияның екі триллион доллардан астам қаржыға капиталдандырылуын ескере отырып, бұл 180 миллиард долларға теңесті.
АҚШ-тағы акциялар нарығы маусымның басынан бері ең үлкен құлдырауды бастан өткерді, - деп хабарлайды РИА Новости.
Dow Jones индексі 2,78%, S&P 500 3,51%, Nasdaq 4,96% төмендеді. Құлдырауға Apple компаниясы да ұшырады, оның баға белгілері 8% төмендеді.
Ақпараттық технологиялар саласындағы алып компанияның екі триллион доллардан асатын капитализациясын ескерсек, бұл құлдырау 180 млрд долларға тең.
Басқа американдық IT-компаниялар да бағаның айтарлықтай төмендегенін көрсетті: Microsoft акциялары 6,19%, Google 5%, Amazon 4,63%, Facebook 3,76%, Tesla 9%-тен астам төмендеген.
Айта кетейік, алдыңғы рекорд наурызда Apple мен Microsoft-та тіркелген. Сол кезде компаниялар 150 миллиард доллар жоғалтқан болатын.