Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Халықтың "қалтасын қаққан" микроқаржы ұйымдары банктерге теңестірілмек

"Ал уәкілетті орган, яғни қаржы нарығын реттеу агенттігі лицензияланатын қызметтерді тексеретін болады. Бұның барлығы кредит алатындардың құқығын қорғайды және қаржылай тәуекелдерді азайтады", - деді Руслан Дәленов.

Халықтың "қалтасын қаққан" микроқаржы ұйымдары банктерге теңестірілмек
фото: investgazeta.ua

Қазақстанда микроқаржы ұйымдары банктерге теңестіріледі. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов жаңа заң жобасының нормасын түсіндіру барысында мәлімдеді, деп хабарлады paryz.kz.

"Осы норманың арқасында несие алатындардың жағдайы жақсарады. Мысалы, банктік емес секторға кіретін ұйымдар халыққа кредит береді, бірақ мөлшерлемелері жоғары, айыппұлдары мен комиссиялары да көп", - деді ол.

Министрдің айтуынша, қазіргі кезде қарызға ақша алатындардың арасында қаржылық тұрғыда сауатсыз адамдар да кездеседі. Ал микроқаржы ұйымдары осыны пайдалануы ықтимал. Ондайда азаматтар құқығы бұзылады.

"Енді микроқаржы ұйымдарын қаржы ұйымдарына теңестіру ұсынылып отыр. Олар реттеледі. Кредиттің шекті мөлшерлемесі бойынша талап қойылады деген сөз. Жетекшілеріне және акционерлерге ұйымды жабдықтау жағынан міндеттер белгіленеді. Ал уәкілетті орган, яғни, қаржы нарығын реттеу агенттігі лицензияланатын қызметтерді тексеретін болады. Бұның барлығы кредит алатындардың құқығын қорғайды және қаржылай тәуекелдерді азайтады", - деді Руслан Дәленов.