Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

Сарапшылар теңгеге байланысты ең қауіпті жағдайды айтты

Қазақстанның қор биржасында доллардың бағамы 452 теңгеге бір-ақ жетті. Ал еліміздегі ақша айырбастау пунктерінде шетел валютасы 470 теңгемен сатылуда, деп хабарлайды Paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Сарапшылар теңгеге байланысты ең қауіпті жағдайды айтты
Сурет: Stan.kz

GSB UIB бизнес мектебінің директоры, экономист Мақсат Халықтың пікірінше, доллар  бағамы жақын арада 500 теңгеден асып түседі. 

"Ресейде рубль құны 89-ға жетті. Бұл теңгенің 480 теңгеден асқанын көрсетеді. 500 теңгеге жақындап тұр. Егер саяси жағдай шиеленісе берсе, Ресейге қарсы жойқын санкциялар бағытталады. АҚШ "тозақ санкцияларын" жіберемін деді. Ең қауіптісі – SWIFT деп аталатын халықаралық ақша аударымдар жүйесінен Ресейдің шығарылуы. Егер бұл орын алса, 1 доллардың рубльге шаққандағы бағамы 100 рубльден асады. Ал теңге 500-ден асып жығылады", – деді Мақсат Халық. 

Сарапшы мұнай бағасы геосаяси жағдайдың жанында екінші орынға түсіп қалғанын айтады. Сондықтан мұнайдың көтерілуі теңгеге әсер етпейді, дейді ол. 

"Мұнай көтерілсе, теңге тұрақты болып тұруы керек еді. Бірақ қазір саяси жағдайдың ықпалы басымырақ болып отыр", - деп түсіндірді экономист.