Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы қашан басталады?

Үкімет пен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жеңілдетілген автонесие бағдарламасын әзірлеп жатыр деп хабарлайды Paryz.kz, Turkystan.kz-ке сілтеме жасап. 

Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы қашан басталады?
Сурет: Tengrinews.kz

 

«Бүгінде халық үшін отандық өндірістегі автокөліктердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жеңілдетілген автонесие берудің жаңа бағдарламасын әзірлеп жатыр. Бұл бағдарламаны іске қосу мәселелерін шешуге бірнеше ай қажет», – деді Премьер-министр Әлихан Смайылов.

Сонымен қатар, Үкімет басшысы ақпанның соңына дейін утильалымының жаңа мөлшерлемесі хабарланатынын атап өтті.