Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Қазақстанның ең жемқор өңірі анықталды

Парақорлық зиянды жалпы соманың 9,3%-ын немесе 1,9 млрд теңгені құрады. Бұл көрсеткіш бір жыл ішінде 46,2 есеге өскен.

Қазақстанның ең жемқор өңірі анықталды
Фото: zakon.kz

2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанда 1,7 мың сыбайлас жемқорлық және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүддесіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар тіркелді, деп хабарлады paryz.kz, zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Ranking.kz бағалауы бойынша, бұл - өткен жылмен салыстырғанда 12,4% -ға аз көлем. Құқық бұзушылықтардың жартысынан көбі (65,8%) пара болып табылады. Бірақ, олардың саны одан да көп.

Пара алу фактілерінің көп бөлігі Алматы облысына тиесілі. ІІ-орында Нұр-Сұлтан қаласы тұр: осы сипаттағы 113 құқық бұзушылық тіркелді, бұл - бір жыл бұрынғыдан 1,5 есе көп көлем. Ал үштікті Батыс Қазақстан облысы түйіндейді: осы сипаттағы 106 құқық бұзушылық тіркелді, бұл - өткен жылмен салыстырғанда 2,1 есе көп көлем.

Биылғы жылдың алғашқы 9 айында мемлекет бюджетіне келтірілген залалдың жалпы сомасы 20,8 млрд теңгені құрады. Бұл - өткен жылмен салыстырғанда 34,4%-ға көп факті. Бұл соманың 68,8%-ы "немқұрайдылық" бабы бойынша жырылған, бұл дегеніміз - 14,3 млрд теңге.

Парақорлық зиянды жалпы соманың 9,3%-ын немесе 1,9 млрд теңгені құрады. Бұл көрсеткіш бір жыл ішінде 46,2 есеге өскен.