Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Қазақстанда жанармай қымбаттап кетті

Ұлттық банктің деректері бойынша мұнай өнімдерін өндіруде бензин бағасының 28,1%-ға дейін және дизель отыны бағасының 11,4%-ға дейін өсуі тіркелген. 

Қазақстанда жанармай қымбаттап кетті
фото: ашық дереккөз

Қазақстанда жанармай бағасы тағы да шарықтап кетті. Мәселен, Алматыда ең танымал АИ-92 маркалы отынның бағасы 179 теңгеден 185 теңгеге дейін қымбаттады деп хабарлайды Paryz.kz

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің деректері бойынша қазіргі уақытта ірі желілердегі АИ-92 бір литрінің өңірлер бойынша құны:

  • Нұр-Сұлтан - 178/182 тг;
  • Шымкент - 175/179 тг;
  • Алматы - 179/180 тг;
  • Ақмола облысы - 182/183 тг
  • Алматы облысы - 180/181 тг;
  • Маңғыстау - 172/174 тг;
  • Атырау облысы - 168/170 тг;
  • БҚО - 172/174 тг;
  • Қызылорда - 178/179 тг;
  • ШҚО - 177/180 тг;
  • СҚО - 182/183 тг;
  • Павлодар - 178/179 тг;
  • Қостанай - 177/182 тг;
  • Түркістан - 175/189 тг;
  • Қарағанды облысы - 180/182 тг;
  • Ақтөбе - 172/174 тг;
  • Жамбыл облысы - 179/181 тг.

Ұлттық банктің деректері бойынша мұнай өнімдерін өндіруде бензин бағасының 28,1%-ға дейін және дизель отыны бағасының 11,4%-ға дейін өсуі тіркелген.