Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Елімізде доллар бағамы тағы көтеріліп кетті

Ұлттық банктің 3 желтоқсандағы доллардың ресми бағамы 435,76 теңгені құрады.

Елімізде доллар бағамы тағы көтеріліп кетті
фото: ашық дереккөз

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қайтадан көтерілді деп хабарлайды Paryz.kz, Қазақстан қор биржасының KASE деректеріне сілтеме жасап.

Таңертеңгілік сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 0,40 теңгеге көтеріліп, 436,22 теңгені құрады.

Kurs.kz ақпаратына сәйкес, дәл қазір Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 437,98 теңгені, ал сату 439,01 теңгені құрап отыр.

Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 437,90 теңгеден сатып алынып, 439 теңгеден сатылуда.

Ұлттық банктің 3 желтоқсандағы доллардың ресми бағамы 435,76 теңгені құрады.