Елімізде тұрғын үй бағасы төмендей ме?

Бүгінде министрлік жылжымайтын мүлік бағаларының күрт көтерілуіне жол бермес үшін құрылыс материалдарының жаңа өндірісін ашу жұмыстарын қолға алған.

Елімізде тұрғын үй бағасы төмендей ме?
фото: ашық дереккөз

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов пәтерлер мен көліктер бағасының тұрақталатынына болжам жасады. Айтуынша, осыған орай қазақстандық ведомство құрылыс материалдарының жаңа өндірісін ашумен айналысып жатыр деп хабарлайды Paryz.kz

Бүгінде министрлік жылжымайтын мүлік бағаларының күрт көтерілуіне жол бермес үшін құрылыс материалдарының жаңа өндірісін ашу жұмыстарын қолға алған.

Біз бірқатар материалды өндіруді жоспарлап отырмыз. Алда іске асырылуы тиіс 35 жоба бар, - деді министр.

Атамқұловтың айтуынша, Қазақстанда санфаяр мен керамика шығаратын зауыт саны Республика бойынша үшеу-ақ. Ал бұл - аз көрсеткіш. Сондықтан алдағы уақытта өндіріске жаңа зауыттар қосылады.

Біз тағы үш кәсіпорынды іске қосуды және керамикалық плиткаларға деген қажеттілігімізді 100% жабуды жоспарлап отырмыз, - деді министр.

Осы орайда өндірісті іске қосудың тұрғын үй бағасының төмендеуіне септігі тие ме деген заңды сауал туындайды. Бұл тұрғыда министрдің де айтар өз уәжі бар екен. 

Болжамым бойынша бағалар тұрақталады. Себебі құрылыс компаниялары өзімізден шығатын өнімдерге сұранысты арттырса, инфляция импорты алынып тасталады, - дейді Атамқұлов.