Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Үкімет кредиттік рақымшылық туралы шешім қабылдады

Мамин банктердің кредит беруі тартылған қаражат есебінен жүзеге асырылатынын атап өтті.

Үкімет кредиттік рақымшылық туралы шешім қабылдады
фото: zakon.kz

Қазақстанда қарыз алушылар үшін кредиттік рақымшылық жасау туралы ұсыныс қолдау таппады. Бұл туралы Қазақстан премьер-министрі Асқар Маминнің "Халық коммунистері" фракциясы депутаттарының сауалына берген жауабында айтылды, деп хабарлады paryz.kz, Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

"Кредиттік рақымшылық енгізу туралы ұсыныс тізбекті реакцияны және барлық қарыз бойынша міндеттемелердің жаппай орындалмауына әкеледі. Бұл банк жүйесінің қаржылық тұрақтылығына және банк салымшылары мен басқа клиенттері алдындағы банктің өз міндеттемелерін орындауына қауіп төндіреді. Осыған байланысты бұл ұсыныс қолдау таппады", - делінген Үкімет басшысының жауабында.

Мамин банктердің кредит беруі тартылған қаражат есебінен жүзеге асырылатынын атап өтті. Банк қорының негізгі көзі – депозиттер, оның банк секторы міндеттемелері құрылымындағы үлесі – 78%.