Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Елімізге Украина, Таиланд және Түркиядан келіп жұмыс істеп жатқандар басым

2020 жылға шетелдік жұмыс күшін тартуға квота республиканың экономикалық белсенді тұрғындарының 0,32% -ы мөлшерінде (шамамен 29,3 мың адам) белгіленді.

Елімізге Украина, Таиланд және Түркиядан келіп жұмыс істеп жатқандар басым
фото: aikyn.kz

Қазақстанда Украинадан, Таиланд пен Түркиядан келіп жұмыс істеп жатқандардың саны көп, деп хабарлады paryz.kz, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Еңбек мигранттары шығатын негізгі елдер: Украина – 3 511 адам, Таиланд – 1 723, Түркия – 1 669, Өзбекстан – 1 186, Сербия – 1 065", - делінген хабарламада.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлағандай, 2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған 16 мың 105 рұқсат қолданыста.

Нақты айтқанда, 641 рұқсат бірінші санат бойынша (басшылар және олардың орынбасарлары), 3 449 – екінші санат бойынша (құрылымдық бөлімшелердің басшылары) берілді. Шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсаттардың негізгі бөлігі үшінші (7 461 маман) және төртінші (1 125 білікті жұмысшы) санаттар бойынша берілді.
Сондай-ақ, маусымдық жұмыстарға – 1 735 адам, корпоративтік ауыстыру шеңберінде 1 694 адам тартылды.

"Қазіргі уақытта Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1785 жұмыс беруші бар. Оларда 455 816 мыңға жуық Қазақстан азаматы жұмыс істейді. Бұл – жалпы жұмысшылар санының 96%-ы", - деп хабарлады министрлік.

Хабарда атап өтілгендей, ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын елімізге шетелдік мамандарды тартуға квота белгілейді.

"2020 жылға шетелдік жұмыс күшін тартуға квота республиканың экономикалық белсенді тұрғындарының 0,32% -ы мөлшерінде (шамамен 29,3 мың адам) белгіленді", - делінген хабарламада.