Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Елімізде азық-түлік бағасының қымбаттауы бойынша рекорд жаңарды

Қазақстанда 2021 жылдың қазан айына қарай азық-түлік тауарлары 11,3%-ға өсті.

Елімізде азық-түлік бағасының қымбаттауы бойынша рекорд жаңарды
фото: ашық дереккөз

Азық-түлік бағасының қымбаттауы Қазақстанда және бүкіл әлемде рекордты жаңартып отыр. Бірақ азық-түлік қауіпсіздігін тікелей қамтамасыз ететін сала – агроөнеркәсіп кешені Қазақстандағы ең төменгі жалақы алатын салалардың бірі болып қала береді деп хабарлайды Paryz.kz.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметі бойынша, азық-түліктің әлемдік бағасы соңғы 10 жылдағы өзінің тарихи деңгейін жаңартып, 2011 жылғы шілдедегі деңгейден асып түсті.

Осылайша, биылғы қазан айында азық-түлік бағасы индексінің орташа мәні 133,2 тармақты құрады. Бұл - қыркүйектегі көрсеткіштен 3,9 тармаққа (3%) және 2020 жылғы қазандағы көрсеткіштен 31,8 тармаққа артық.

finprom.kz сарапшылары барлық негізгі сегменттер бойынша айтарлықтай өсім байқалатынын жазды.

Қазақстанда 2021 жылдың қазан айына қарай азық-түлік тауарлары 11,3%-ға өсті. Оның ішінде өсімдік майы – 54,2%-ға, қант – 25%-ға, жарма – 16,1%-ға, ет – 10,3%-ға, сүт өнімдері – 7,4%-ға қымбаттады.

Сонымен қатар Қазақстанда елдің азық-түлік қауіпсіздігіне бірінші кезекте жауапты саладағы орташа айлық жалақы Қазақстандағы ең төменгі көрсеткіштердің бірі болып табылады: 167,5 мың теңге.