Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Рубль бағамы 6 теңгеден асып кеткен

Сонымен қатар 18 қазандағы сату-сатып алуда мұнайдың әлемдік бағасы өсті.

Рубль бағамы 6 теңгеден асып кеткен
фото: ашық дереккөз

Қазақстан қор биржасы (KASE) 11.00-дегі жағдай бойынша доллардың орташа бағамы 425,25 теңге (-0,58) болғанын жария етті деп хабарлайды Paryz.kz

Айырбас пункттерінде америкалық долларды 425,1-426,5 теңгеге, еуроны 492,9-495,9 теңгеге, рубльді 5,99-6,04 теңгеге сатып алады/сатады.

Сонымен қатар 18 қазандағы сату-сатып алуда мұнайдың әлемдік бағасы өсті.

Қараша айында WTI мұнай фьючерстері 1,41%-ге артып, барреліне 82,86 долларды құрады.

Желтоқсан айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 1,07%-ге артып, барреліне $85,77-ге жетті.