Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Еліміз астық пен ұн экспорттауды азайтады

Ал өнім жылдағыдан биыл аздау. 

Еліміз астық пен ұн экспорттауды азайтады
фото: ашық дереккөз

Қазақстандық аграрийлердің шығыны бір жылда едәуір артқан. Бұл туралы Астық одағы айтты, деп хабарлайды Paryz.kz, "Хабар 24"-ке сілтеп. 

Отын, дән, тыңайтқыштар, техника мен қосалқы бөлшектер қымбаттаған. Бір сөзбен айтқанда, барлық салада бағаның өсімі байқалады. Ал өнім жылдағыдан биыл аздау. Әлем бойынша астық қымбаттауда. 

Қолайсыз ауа райы, дәл маусым кезіндегі дизельдік отынның қымбаттауы. Биылғы астық маусымын астықшылар осылай аяқтады. Егістіктің негізгі бөлігі жиналды. Астық Одағы қазанның соңына дейін барлық жұмыстар аяқталады деп күтуде. 

Одақтың ресми өкілі Евгений Карабановтың айтуынша, өнім бойынша болжам бұрынғыдай. Мамандар биыл 10,5 миллион тонна бидай шығады деп күтуде. 

Қазақстанның ішкі нарығына шамамен 6 миллион қажет екенін және былтырдан қалған қордың барын ескерсек, бұл жеткілікті. Ал бағасы – бөлек әңгіме. 

Үшінші санаттың тоннасы 120 мың теңгеге сатылады. Бағаның өсуін мамандар тек шығынның артуымен емес, әлемдік тенденциямен байланыстырып отыр. Сұраныс пандемия өршіп тұрған шақта артқан.
Соңғы үш айда бидай 18%-ға қымбаттаған. Ал жылдық өсім 40%-ды құрап отыр. Қыста қалай болатынын болжап айту қиын. 

Салалық Одақтың бағалауынша, бидай өндірісінің төмендеуінен оның экспорты шамамен миллион тоннаға кемиді. Оның үстіне өткізу мәселесі бар. Қазақстан Ауғанстанға былтыр экспорттаған өнімнің 50%-ын жоғалтуы мүмкін. 

Келісімшарттар бар, алайда өнімнің көлемі бұрынғымен салыстыруға келмейді, – дейді Евгений Карабанов. 

Айтуынша, Ауғанстан ақша аударуды үшінші елдер арқылы жүргізеді: Араб Әмірліктері, Түркия, Катар мен Өзбекстан. Саяси жағдайды ескерсек, бұл елге тауар экспорттау төлемді алдын ала 100% жасаған кезде ғана мүмкін.