Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Теңге неге құлдырап барады?

Бұның себебін Ұлттық банк төрағасы түсіндірді.

Теңге неге құлдырап барады?
Фото: inbusiness.kz

Ұлттық банк басшысы Ерболат Досаев теңгенің әлсіреуі мен доллар құнының өсу себебін атады, деп хабарлады paryz.kz.

"Инвесторлардың қорқынышы мен доллардың нығаюы дамушы елдердің валюталарының әлсіреуіне және мұнайдың арзандауына алып келеді. Салдарынан, мұнайға сұраныстың төмендеу қаупі болады", - деді Досаев Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, қыркүйекте теңгенің айырбас бағамы бірнеше сыртқы факторлардың ықпалында болды.

"Қыркүйек айында әлемнің жекелеген аймақтарында коронавирустың қайта өршуі жағдайында жаһандық экономиканың қалпына келуі баяулау  нәтижесінде және мұнайға сұраныстың әлсіреуіне байланысты мұнай 10 пайызға арзандады", - дейді Ұлттық Банк басшысы.

Екіншіден, оның айтуынша, дамушы елдердің валюталары, оның ішінде теңге қыркүйек айында коронавируспен ауыратындар санының артуы аясында әлсіреді. "Бұл инвесторлардың тәуекел активтеріне деген қызығушылығының төмендеуіне және доллар бағамының нығаюына әкелді", - дейді Досаев.