Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Елімізде ұн бағасы қымбаттап кетті

Астық өңдеушілер қауымдастығы тапшылықтың жасанды жолмен жасалатынын мойындайды.

Елімізде ұн бағасы қымбаттап кетті
фото: ашық дереккөз

Нан бағасын қалай тұрақтандыруға болады? Парламентарийлер Азық-түлік келісім шарт корпорациясының резервінен қосымша ақша бөлуді сұрап отыр. Олар тауар нарықтарынан бидайды қосымша сатып алуды талап етеді деп хабарлайды Paryz.kz, 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Көлем жеткілікті болуы керек. Nur Otan фракциясы мүшелерінің айтуынша, бұл нанға ғана емес, жарма мен макарон өнімдеріне де бағаны тұрақтандыруға көмектеседі.

Әйтпесе азық-түлік нарығындағы салдар сәбіз және картоптың бағасы сөреде күрт көтерілген биылғы көктемнен де нашар болуы мүмкін, - Мәжіліс депутаты Ғалым Әміреев.

Оның айтуынша, қазір ұнның бағасы өсті. 1-сорттың келісі екі жүз теңге шамасында. Бұл жаздағыдан 70 теңгеге жоғары. Бұл ретте диірменшілерге шикізат жетіспейді.

Астық өңдеушілер қауымдастығы тапшылықтың жасанды жолмен жасалатынын мойындайды.